Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын толықтай қолдаймыз. Себебі Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық, саяси ахуалын саралай отырып, «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінін негізі» деп атауының өзінде үлкен мән жатыр.
Жолдауда ауыл шаруашылығының дамуы, экологиялық таза өнім шығару, біртіндеп суғармалы жерлердің көлемін көбейту, фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату тақырыбы да көтерілді. Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне де нүкте қойылды. Мемлекет басшысы ретінде жеріміз шетелдіктерге сатылмайды деп мәлімдеме жасалды, бірақ оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету біздің міндетіміз деп тоқтала кетті.
Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Бүгінде ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланыстыболып отыр.
Осы орайда айта кеткім келетіні, біздің «Алакөл асыл жылқы» — серіктестігі де ауыл шаруашылығын өркендетуге өз үлесін қосып келе жатыр. Қазіргі танда 7 мыңнан астам жылқы малын өсіріп, келешекте етін экспорттауға және де қымыз өндірісін одан әрі дамытып, заманауи технологияларды пайдалану арқылы ұнтақталған қымыз түрін шығаруды көздеудеміз. Қазақстанда тендесі жоқ жылқы орталығын жақын арада Арқарлы ауылдық аймағында ашамыз. Бұл орталық заманауи талапқа сай салынып, барлық жұмысшылардың жағдайы жасалынатын болады. Сонымен қатар сол елді мекендегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп, халықтын игілігіне бермекшіміз.
Президентіміз «Әр-бір Қазақстандық азаматтарға зор сенім артып, мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын»,- деп, халқымызды береке мен бірлікке, ақыл мен парасаттылыққа үндеді. Сондықтан да бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді.
Ө.АХМЕТОВ,
Аудандық мәслихаттың депутаты, «Алакөл асыл жылқысы» ЖШС-нің директоры.