Таза су – денсаулық кепілі. Сондықтан ауыз судың сапасына мән беру шарт. Құдықтағы және құбырмен келіп тұрған ауыз судың сапасына мұқият болған жөн. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді.
Ауыз судың органолептикалық қасиеті жақсы болуы керек, яғни түссіз, мөлдір және бөгде дәм мен исі болмауы қажет. Біздің ауыз суымыз осы талаптарға сай келеді. Бұған аудандық Ұлттық сараптама орталығы мамандарының зерттеулерінің нәтижелері бойынша көз жеткізілді. Зерттеліп отырған ауыз су құрамында зерттеулерінің нәтижесі бойынша аса қауіпті мырыш, күшән, қорғасын т.б химиялық элементтер кездеспейді.
Ауыз судың құрамында судың кермектігін анықтайтын кальций мен магний тұздары аз болса,адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Ал фтордың ауыз судағы мөлшері аз болса флюораз және кариеске,темір мен мыстың жетіспеушілігі анемияға,бордың аз болуы асқазан ауыруына,никельдің жетіспеушулігі көз ауыруларына шалдықтырады.Хлор адам ағзасының массасының төрттен бір бөлігін құрайды. Көптеген басқа химиялық элементтермен салыстырғанда бұл өте көп.Хлор организмде осмотикалық процестерді реттеуге, сондай –ақ жүйке импульстарын беруде маңызды роль атқарады.Хлор асқорыту процесіне тікелей қатысады. Асқазанның ішкі бетіне орайтын арнайы жасушалар шығаратын тұз қышқылының бөлігі.Сондықтан денеде хлордың балансын сақтау өте маңызды. Дегенмен, бұл жеуге болатын нәрсеге ғана емес,сондай-ақ басқа жағдайларға, атап айтқанда метоболизмнің жалпы жағдайына,жұқпалы агенттердің болуына байланысты. Хлор адам организмін сусызданудан,сарқылудан және көптеген басқа мәселелерден қорғайды.
Ш.Қалмақбаева,
Алакөл аудандық бөлімшесі ҚР ДСМ СЭБК
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ
РМК Алматы облысы бойынша филиалы
Санитарлық-гигеналық зерттеулер зертханасының
зертхана маманы.