Қазақ мұнайына 120 жыл

Қыркүйектің алғашқы жексенбісінде қазақстандық мұнайшылар төл мерекелерін атап өтті. Биылғы мейрамның жөні бөлек. Өйткені Қазақстан мұнайына 120 жыл толды. Яғни, қазақ даласына бұрғы салынып, алғашқы мұнай фонтаны атқылағанына осынша уақыт.

Осы ретте «ҚазТрансОйл» мекемесінде атаулы датаға орай жиын өтті.

Сөз алған «Kmg-sekurity» ЖШС-нің бас менеджері М.Искаков барша әрітестерін мейраммен құттықтап, өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, өзінің тиянақты ісімен танылған Желдібаев Серікті «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Кейіпкеріміз 1956 жылы Үшарал қаласында дүние есігін ашқан.  Еңбек жолын 1979 жылы су шаруашылығында бастап, осы күнде мұнай құбырларын күзету ісінде еңбектеніп жүр. 2004 жылдан бері күзетте табан аудармай қызмет етуде. Ұжымдағы беделі мен абыройының, жұмысқа деген ынтасы мен ықласының арқасында осындай жетістікке жетті.

Біз де өз тарапымыздан С.Желдібаевты марапатымен құттықтап, басына амандық, отбасына береке-бірлік тілейміз.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: