- Қазақстанда вакцинация міндетті әрі мәжбүрлі ме?
Жауап: Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.
Будет ли вакцинация в Казахстане обязательной и принудительной?
Ответ: Вакцинация в Казахстане является добровольной. Согласно 77 статье Кодекса РК «О здоровье народа и системе здравоохранения», любая медицинская процедура, в том числе и вакцинация, проводится только с информированного согласия прививаемого. Административной или уголовной ответственности за отказ от вакцинации в Казахстане не предусмотрено, любые притеснения будут являться незаконными.
- Қазақстан Республикасында қандай вакцина қолданылады?
Жауап: 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР-да Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталады. Одан әрі 15 ақпаннан бастап вакцинациялау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылатын болады. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакцинациялау процесіне отандық өндіріс – QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр, бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінен өтуде.
Какую вакцину будут применять в Республике Казахстан?
Ответ: С 1 февраля 2021 года в РК начнется вакцинация против КВИ с использованием вакцины Гам-КОВИД-Вак («Спутник V»), которая произведена в России. Далее с 15 февраля к процессу вакцинации будет присоединена вакцина Гам-КОВИД-Вак, произведенная на базе Карагандинского фармацевтического комплекса. Со 2 квартала 2021 года планируется подключить к процессу вакцинации препарат отечественного производства – QazCovid-In, который в настоящее время находится на 3 фазе клинических испытаний.
- Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім ала алады?
Жауап: Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары коронавиустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады, одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады.
Бірінші кезеңде инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлері вакцинациялаумен қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады.
Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.
Кто сможет получить вакцину от коронавируса?
Ответ: Вакцинация будет осуществляться поэтапно с учетом поступления вакцины. При этом, в первую очередь вакцинации против коронавирусной инфекции подлежат уязвимые группы населения, которые подвержены высокому риску заражения и распространения коронавирусной инфекции, с дальнейшим охватом остальных групп населения, подлежащих иммунизации.
На первом этапе вакцинацией будут охвачены медицинские работники инфекционных больниц, скорой медицинской помощи, реанимации, ПМСП, приемных покоев, сотрудников санэпидслужбы. На втором этапе вакцинацией охватят педагогов общеобразовательных школ, вузов, работники медицинских служб, не вошедших в первый этап. Третий этап охватит педагогов школ-интернатов, детских дошкольных учреждений, студентов и лиц с хроническими заболеваниями.
Кроме того, в последующем планируется расширение контингента с включением дополнительных уязвимых групп населения: сотрудники МЧС, МВД, Минобороны, КНБ, Службы государственной охраны и другие.
- Вакцинация ақылы бола ма? Бір вакцинацияның құны қанша?
Жауап: халықтың осал топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін ұсынылады.
Будет ли вакцинация платной? Какова стоимость одной прививки?
Ответ: Вакцинация против коронавирусной инфекции для уязвимых групп населения будет предложена на бесплатной основе.
- Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпті ме? Вакцинаның жанама әсерлері бар ма?
Жауап: Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу және сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцинаның нұсқаулығы талап етіледі. Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның организмі кез-келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.
Опасна ли вакцина от коронавируса? Есть ли у вакцины побочные действия?
Ответ: Для определения противопоказаний требуется появление инструкции к вакцине с полными данными о показаниях, противопоказаниях к вакцине, возможных неблагоприятных проявлениях после иммунизации, способах введения и условиях хранения и транспортировки вакцины. В связи с этим, перечислить противопоказания в данный момент не представляется возможным. Важно отметить, что на введение любых вакцин организм человека отвечает выработкой иммунитета, а также развитием неблагоприятных проявлений после иммунизации – таких, как кратковременное повышение температуры тела, покраснение и отек в месте введения вакцины.
- Адамда коронавирустық вакцинаға аллергиялық реакцияның болуы мүмкін бе?
Жауап: Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның организмі әр-түрлі. Уақтылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Возможна ли аллергическая реакция на вакцину от коронавируса?
Ответ: Перед любой вакцинацией медицинский работник уточняет наличие аллергии у прививаемого. В случае, если имеется тяжелое аллергическое заболевание, человеку дается медицинский отвод от прививки. При этом, предугадать аллергическую реакцию невозможно, так как каждый организм индивидуален. В целях своевременного реагирования человеку следует оставаться под медицинских наблюдением (в стенах мед. учреждения) первые 30 минут после получения прививки: именно в этот промежуток возможно проявление аллергической реакции на вакцину.
- Ресейде вакцина алған адамдарға күнделікті телефон арқылы хабарласып, зерттеп-қарау жүргізіледі. Бізде де осындай техникалық сәттер қарастырылған ба?
Жауап: Вакцина алған барлық адамдар алғашқы 30 минут бойы медициналық мекеменің қабырғасында, дәрігердің бақылауында болады. Ордан әрі 3 күн бойы, тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.
В России проводится ежедневное телефонное обследование тех, кто получил вакцину, и в отношении тех, кто был вакцинирован. У нас тоже предусмотрены такие технические моменты?
Ответ: Все вакцинированные первые 30 минут будут находиться в медицинском учреждении под наблюдением врача. Затем следующие 3 дня они будут находиться под наблюдением участковых врачей по месту прописки. Кроме того, каждому вакцинированному человеку выдается специальная памятка с указанием возможных побочных эффектов вакцины и номера телефонов поликлиник, в которые они могут обратиться в случае проявление таких эффектов.
- Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егіле ме?
Жауап: «Спутник V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Екпені тек ҚР 60 жасқа дейін кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінен өтуде. Бүгінгі күні отандық вакцина жөніндегі бекітілген нұсқаулық жоқ, сондықтан осы вакцина бойынша контингент анықталуда.
Будут ли прививать вакциной от коронавируса детей?
Ответ: Вакцина «Спутник V» противопоказана детям до 18 лет, соответственно, получить ее смогут лишь совершеннолетние граждане РК до 60 лет. Вакцина казахстанского производства на настоящий момент находится на 3 стадии клинических испытаний. На сегодняшний день нет утвержденной инструкции по отечественной вакцине, поэтому контингент для неё находится на стадии определения.
- Қарағанды зауытында шығарылатын вакцина қайда қолданылады?
Жауап: Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы тек Қазақстан Республикасында қолдану үшін пайдаланылатын болады.
Где будет применяться вакцина, которую выпускают на Карагандинском заводе?
Ответ: Вакцина Гам-КОВИД-Вак, произведенная на базе Карагандинского фармацевтического комплекса, будет использоваться только для применения в Республике Казахстан.
- Неліктен вакцинаны екі кезеңде алу керек?
Жауап: коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Почему прививку нужно обязательно получить в два этапа?
Ответ: Вакцину от коронавируса следует вводить в два этапа с интервалом в 21 день. Первая доза дает непродолжительный защитный эффект за счет выработки небольшого количества антител. Вторая доза усиливает и закрепляет действие первой, количество антител в организме человека вырастает.
- Ресейлік «Спутник V» вакцинасының сапасы жеткілікті деңгейде тексеруден өтті ме?
Жауап: Аталған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларуссия, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндірушінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет (талдау сертификаттары немесе сынақ есебі немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілді.
Прошла ли российская вакцина «Спутник V» достаточную проверку качества?
Ответ: Данная вакцина прошла государственную регистрацию в РФ и на протяжении нескольких месяцев используется для иммунизации уязвимых слоев населения. По данным Фонда прямых инвестиций РФ, порядка 50 стран подали заявку на приобретение данной вакцины, а некоторые страны (Беларусь, Аргентина, Сербия) уже успешно применяют.
Согласно действующего законодательства, при ввозе незарегистрированных лекарственных средств на территорию Республики Казахстан обязательно наличие электронной копии документа производителя, подтверждающего качество лекарственного средства, с переводом на казахский или русский языки (сертификаты анализа или протокол испытаний или паспорт качества с показателями оценки качества). В настоящее время, постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № 850, утверждены Правила временной государственной регистрации вакцин против коронавируса COVID-19, произведенных в Республике Казахстан.
- Ресейден басқа тағы қандай вакцина өндірушілері елдермен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде?
Жауап: Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Sinovac», «Sinopharm» (Қытай), «Phizer» (АҚШ) қоса алғанда, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндіруші бірқатар мемлекеттермен келіссөздер жүргізуде.
С какими ещё производителями вакцин, кроме российских, ведутся переговоры о сотрудничестве?
Ответ: В настоящее время Министерством здравоохранения РК проводятся переговоры с производителями вакцин против коронавирусной инфекции, включая «Sinovac», «Sinopharm» (Китай), «Phizer» (США).
13. Біздің елімізде қандай вакциналар әзірленуде?
Жауап: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар арасында Қазақстан өндірісінің 5 үміткер вакцинасы бар. Біріншісі – клиникалық зерттеулер кезеңінде тұрған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – БҚП ҒЗИ) әзірлеген инактивті вакцина. Қалған төртеуі:
1) Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо штатының университетімен бірлесіп (АҚШ);
2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
3) М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы;
4) БҚП ҒЗИ әзірлеп жатқан және клиникаға дейінгі зерттеулер сатысындағы суббірлік вакцина.
Какие вакцины разрабатываются в нашей стране?
Ответ: В числе вакцин-кандидатов против коронавирусной инфекции, зарегистрированных Всемирной организацией здравоохранения, находятся 5 вакцин-кандидатов казахстанского производства. Первая – инактивированная вакцина, разрабатываемая Научно-исследовательским институтом проблем биологической безопасности Комитета науки Министерства образования и науки РК (далее – НИИ ПББ), находящаяся на стадии клинических исследований. Четыре другие – субъединичные вакцины, находящиеся на стадии доклинических исследований и разрабатываемые:
1) Казахским национальным аграрным университетом совместно с Университетом Штата Огайо (США);
2) Казахским национальным аграрным университетом;
3) Национальным центром особо опасных инфекций им. М. Айкимбаева;
4) НИИ ПББ.
14. Вакцинацияцияның электрондық паспорты дегеніміз не?
Жауап: Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – бұл вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеттілігі медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін – eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылатын болады.
Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация ем-шарасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.
Что такое электронный паспорт вакцинации?
Ответ: Электронный паспорт вакцинации – это медицинская история вакцинации. Это ключевой модуль (функциональность) в сфере здравоохранения для оказания непрерывного ведения, контроля и мониторинга вакцинируемого населения. В данный момент разработка ЭПВ находится на стадии завершения. Работоспособность паспорта будет реализована посредством информационных ресурсов Министерства здравоохранения для медицинских работников, а для пациентов – посредством использования мобильного приложения eGov Mobile.
Электронный паспорт вакцинации будет доступен в мобильном приложении eGov Mobile непосредственно после прохождения процедуры вакцинации. В ЭПВ будут содержаться сведения о гражданине, о виде вакцины, которую он получил, этапность процедуры проведения вакцинации, а также наблюдения в поствакцинационный период.
- Интернетте халықты вакцинация арқылы жаппай чиптеу туралы айтылып жүр. Бұл қаншалықты ақылға қонымды?
Жауап: Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамды чиптеумен байланысты емес. Вакцинация жасамас бұрын, әрбір адам вакцина құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы.
В интернете распространяются слухи о массовом чипировании населения посредством вакцинации. Насколько это правдоподобно?
Ответ: Ни одна вакцинация в Республике Казахстан не предполагает никакого чипирования людей. Перед тем, как получить прививку, каждый человек имеет право ознакомиться с инструкцией, где дана информация о составе вакцины.
- Неліктен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тез әзірленді?
Жауап: Пандемия кезеңінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру және адамдың жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті. Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өтті деген сөз емес.
Н.Ф. Гамалея атындағы ЭжМҒЗО-ның «Спутник V» вакцинасына келетін болсақ, ол алдыңғы әзірлемелерге сүйене отырып жасалды. Орталық пандемияға дейін SARS-CoV-2 коронавирусы да жатқызылған РНҚ бар қабықты вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.
Почему вакцину от коронавируса разработали так быстро?
Ответ: В период пандемии возникла острая необходимость в данной вакцине. Разработка вакцин от COVID-19 проходила в условиях крайней срочности на фоне массового заражения и гибели людей от коронавирусной инфекции во всем мире. Кроме того, фармацевтические компании вложили значительные ресурсы в быструю разработку вакцины из-за глобальности проблемы. Но скорость, с которой она была произведена, совсем не означает, что компании обошли стороной протоколы безопасности.
Что касается конкретно вакцины «Спутник V», то в НИЦЭМ им. Гамалеи, где она была создана, опирались на предыдущие разработки. Еще до пандемии Центр открыл технологическую платформу для создания вакцин и препаратов против РНК-содержащих оболочечных вирусов, к которым относится и коронавирус SARS-CoV-2.
17. Нужно ли вакцинироваться тем, кто уже переболел COVID-19?
Ответ: Вопрос о вакцинации переболевших КВИ на сегодня обсуждается. Необходимо отметить, что по ряду мировых данных, антитела после перенесенной КВИ, исчезают по истечении 3-6 месяцев, после которой человек подвержен повторному заражению.
18. Бүгінгі таңда әлемде көшбасшылар мен танымал тұлғалардың қайсысы коронавирусқа қарсы екпе алды?
Жауап: АҚШ-та вакцинаны жаңадан сайланған президент Джо Байден алды – ол 78 жаста және тәуекел тобына жатады. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді.
Гвинея Президенті Альфа Конде «Спутник V» вакцинасымен егілген елдің алғашқы көшбасшысы. Сондай-ақ, елімізде жоғары лауазымды 19 тұлға, оның ішінде Қорғаныс министрі егілді.
Аргентина президенті Альберто Фернандес Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жасады. Президентке дейін Буэнос-Айрестің Денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан вакцинацияланды.
Венесуэла президентінің ұлы Николас Мадуро Герра Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді.
Түркия президенті Режеп Ердоған СoronaVac қытай препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Алғашқы егуді Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин кожа жасатты.
Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасымен егілді.
Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді. Американдық деректі кинорежиссер Оливер Стоун Ресейде өндірілген «Спутник V» коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина жасатты.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина алды.
Кто из мировых лидеров и известных личностей в стране и в мире на сегодня уже получил прививку от коронавируса?
Ответ: В США вакцину получил избранный президент Джо Байден – ему 78 лет, и он входит в группу риска. Байдену ввели вакцину от Pfizer и BioNTech.
Президент Гвинеи Альфа Конде стал первым лидером страны, привитым вакциной «Спутник V». Также в стране были привиты 19 высокопоставленных должностных лиц, в том числе министр обороны.
Президент Аргентины Альберто Фернандес тоже сделал прививку от коронавирусной инфекции российской вакциной «Спутник V». До президента был привит министр здравоохранения Буэнос-Айреса Даниэль Голлан.
Сын президента Венесуэлы Николас Мадуро Герра сделал прививку против коронавируса российской вакциной «Спутник V».
Президент Турции Реджеп Эрдоган вакцинировался против коронавирусной инфекции китайским препаратом СoronaVac. Первым прививку сделал глава Минздрава Турции Фахреттин Коджа.
В Ватикане вакциной Pfizer привились 84-летний папа римский Франциск и 93-летний папа на покое Бенедикт XVI.
Актер и бывший губернатор Калифорнии Арнольд Шварценеггер сделал прививку от коронавируса вакциной от Pfizer и BioNTech. Американский режиссер документального кино Оливер Стоун сделал прививку российской вакциной от коронавирусной инфекции «Спутник V».
В Казахстане одним из первых прививку от коронавируса вакциной отечественной разработки получил Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов. Также в числе добровольцев получили вакцину помощник Президента РК Ерлан Карин, аким Жамбылской области Бердибек Сапарбаев.