Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Мерей Есенбаевтың айтуынша, полиция департаменті жолдардағы балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.
Мәселен, статистикаға сәйкес, жыл басынан балардың қатысуымен болған 109 жол-көлік оқиғасында 160 кәмелетке толмаған зардап шеккен. Оның 5-і қаза тапты. Айта кетейік, мопед, электросамокат тізгіндейтіндердің саны артып, соның салдарынан жол-көлік оқиғалары тіркелуде.
Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында жаңа оқу жылының басталысымен ювеналдық полиция инспекторлары, патруль полициясы және учаскелік полиция инспекторлары күнделікті сағат 7 жарымнан бастап әр мектептің алдында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселесі ұдайы бақылауда және профилактикалық жұмыстар жалғасуда.