ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Қоғамдық сындарлы диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекет құрылсын нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Еліміздің дамуының барлық салаларын қамтылған құжатта заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі де көтерілді.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы еліміздің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады.
Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар.
Оған қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу — жалпыға ортақ міндет.
Ауданымызда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалуда. Атап айтсақ, аудандық және ауылдық окрутегтерде сервистік әкімдік жүйесі қалыптасып, «Жетісу – адалдық алаңы» кеңселері ашылды. Сонымен қатар білім мекемелері басшыларының кабинеттері «Open space» форматына көшірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық індет- жою міндет» атты сурет көрмесі, «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Жастар жемқорлыққа қарсы» акциялары өткізілді. Аталған шараларға 2000-нан астам адам қамтылды. Сонымен қатар орталық алаңда орналасқан LED экран мен әлеуметтік желілерде «Не бери взятки – бери вершины», «Пара берсең жазаланасың» атты бейне роликтер халық назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, бұл дертке қарсы күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Осы орайда еліміздің тағдыры үшін мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап: «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», — деген жұртшылықтың пікірімен үндескендей.
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.
Әрине, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы шарт. Тәрбие отбасынан басталады, ата-анасының шарауаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді.
Қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азаматты тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан әрбір отбасы және әр азамат осы мәселеге аса мән бергені абзал.
Қазақстан — көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.