
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі қоғамдық кеңестің жаңадан қалыптастырылған құрамымен кездесіп, өткен жылдың қорытындылары мен бірлескен жоспарларын талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырманов, «Ерлік» тірек-қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова, облыстық Азаматтық альянс президенті Дәния Қыдырбаева, «Мейірімді Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы және Қоғамдық кеңестің басқа да мүшелері ойларын ортаға салды. Олар Қоғамдық кеңес оның әрбір мүшесі үшін үлкен мектеп, жаңа тәжірибе екенін айта келе, өзара әріптестік қатынастардың жаңа кезеңінде халықтың сеніміне сай және ұсыныс-тілектерін негізге ала отырып жұмыс істейтіндерін айтты.
Еске салсақ, облыстық қоғамдық кеңес жаңа құрамда жұмысын 32 мүшесімен бастады. Кеңес құрамы 72% жаңартылды. Олардың 84,4 % — азаматтық қоғамның өкілдері, яғни оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, саяси партиялардың, кәсіподақтың, этно-мәдени орталықтардың, БАҚ-тың, білім беру саласының өкілдері де бар.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.