Биыл Жетісу облысында 94 медициналық нысан іске қосылады


Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында осы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстағы бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.
Сала маманы есепті кезеңде Жетісу облысында 94 медициналық нысан іске қосылатынын, оның 59-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде берілетінін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісін кеңейту үшін ауылдық жерлерде 27 блокты-модулді нысан тұрғызылатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 28 медициналық техника сатып алынды. «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы арқылы құны 20 млн. теңгеден асатын медициналық техниканы, сонымен қатар, облыстық кардиологиялық орталыққа ангиограф құрылғысы сатып алу жоспарлануда.
Мамандардың біліктілігін арттыру алғашқы медициналық-санитариялық қызметтің 20 маманы оқытудан өтті. Ал көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту үшін облыс мамандары шетелдік клиникаларда тәжірибеден өтті. Атап айтсақ, Германияның Дюссельдорф қаласындағы клиникаға төрт маман, 4 акушер-гинеколог маманы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына оқуға жіберілді.

Мәліметпен бөлісу: