Еңбекақыны көтеру ел игілігіне

Жалақының өсуі тұрмыстық жағдайды жақсартумен қоса әр азаматтың еңбек етудегі жауапкершілігінің еселенуіне оң әсер етеді. Айлықтың жоғарылауы кез келген жұмысшының еңбекке деген құлшынысын арттыра түсетінін жақсы білеміз.

Еліміздегі қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі осы уақытқа дейін күн тәртібінен түскен емес. Жұмысшылардың еңбегін бағалау, айлығын ұлғайту, олардың алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасау секілді маңызды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Осы ретте ерекше атап өтетін бір жайт, бізде жаңа жылдан бастап, ғни 2019 жылы ең төменгі жалақы 1,5 есе өсетін болды. Бұл жөнінде Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Н.Назарбаев айтып өтті. «Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,2 есе, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсірудді тапсырамын. Әрбір қазақстандық үшін шынайы көмек болады. Бұл барлық салаларда, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 млн. 300 мың адамның еңбекақысын көтеруге септігін тигізеді»,- деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар ендігі уақыта  ең төменгі жалақы ең төменгі күн-көріс шегіне байланысты болмайтындығын айта келе, ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика аумағындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналатындығын тілге тиек еткен болатын.

Ұл көшбасшысы жыл сайынғы Жолдауларында ққық қорғау саласын оңтайландыру шараларын жүргізуді ұмыт қалдырған емес. Бұл ретте де келесі жылдан бастап полицейлердің жұмысын жаңғырту бағдарламасы қолға алынатынын жеткізді. Соның аясында ішкі істер органдарының штаттық құрамы ыңғаландырылады. Иә, елдің тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегін қоғам әрдайым жоғары бағалауы тиіс. Өйткені еліміздің алға дамуы, қылмыстың азаюы ең алдымен осы азаматтарға байланысты. Тыныштық пен тәртіп қана бізді өркениетті мемлекеттердің қатарына жетелейді.

Сондай-ақ президенттің айтуынша, жалақы өсімі бюджеттік ұйымдарының қызметкерлеріне де қатысты. Яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс саласы қызметкерленің де жалақысы артады. Елбасы бұл мақсаттарға 2019-2021 жылдарға республикалық бюджеттен жыл сайын қосымша қаражат қарастырылатынын да айтып өтті.

Қорыта келгенде, бұл Жолдау көптеген өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне ұйытқы бола бермек. Осыған орай қазақстандықтардң да жаңа жылдан күтерлері көп. Бастысы, Жолдауда айтылған мәселелер оң шешімін тауып, игілікті іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асса, халықтың әл-ауқаты өсіп, табысы мен тұрмыс сапасы да арта түсері анық.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: