Еркін ел ұрпағы

Сауаттылық – қазіргі қоғамда әрбірінен талап етілетін критерийлердің бірі. Себебі бұл адамның ішкі мәдениетін көрсетеді. Ал мәдени бай тұлға өзіне сенімді, әрі жетістікке жетуге деген мүмкіндігі көбірек. Тілге деген сауаттылық адам ойының дұрыс жеткізілуіне үлкен септігін тигізеді. Міне осы тұрғыда барлық қазақстандықтар мамыр айының мерекелерімен қатар жалпыұлттық патриоттық диктант жазу күнін атап өтті.

Сауатты азамат – сапалы мемлекет кепілі. Осы мақсатта өңіріміздің мемлекеттік қызметкерлері, барлық оқу орындары, білім ордасының түлғалары, өзге сала мамандары және де аудан тұрғындары «Еркін ел ұрпағы» атты тақырып аясында диктант жазып, сауатты жазу дағдыларын басты назарға алды.

Ұйымдастырылған шара – сауаттылықтың маңыздылығын ұғындыруға, сондай-ақ мемлекеттік тілімізді құрметтеуге тәрбиелейді. Диктант жазудың мақсаты – оқылған мәтінді қағаз бетіне қалай естідім, солай түсіру емес, ұлттық ерекшеліктерімізге тән 42 әріптің дұрыс айтылуы мен жазылуына көңіл бөлу.

«Тіл – ол білуге және жақсы игеруге тиіс құрал. Егер ол сауатсыз қолданылатын болса сынған, яғни іске аспайтын құралмен тең»,- дейді орыс жазушысы М.Горький. Расыменде, біз өз тілімізді күнделікті қолданбасақ, яки бұрмалап сөйлесек ұлттық құндылығымызды жоғалтқанымыз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтып өткендей, бірінші кезекте мемлекеттік тілімізді қою керек.

Ж.КУМПЕИСОВА.

Мәліметпен бөлісу: