Этнос өкілдерінің басын қосты

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Алакөл Жастар Дарабозы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Теректі ауылдық округінде «Халық бірлігі – ел тұтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін, елімізде тұратын түрлі этностардың әдеттық-ғұрыптарын және мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатындағыбасқосуға ауыл тұрғындары, өзге ұлт өкілдері,славян этно – мәдени орталықтың өкілдерімен мектеп ұстаздары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Айтулы жиынды ашып, жүргізген Теректі ауылдық округінің әкімі Е.Биекбаев: «Ауданымызда 16 ұлт пен 3 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, болашаққа сенімді қадам басып келеді. 24 округтің 56 елді мекенінде 70 мыннаң астам халық тұрады. Олардың 84 пайызы, яғни 60 мыңға жуығы қазақтар, 16 пайызы өзге ұлт өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясының «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» жобасын жүзеге асыру бағытында өңірімізде қазақ, орыс, шешен, татар, ұйғыр, украин және басқа ұлт өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тірлік кешіп, елдің сәулетті болашағы үшін атсалысып, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысына айналды. Сонымен қатар, аудандағы славян және татар этно-мәдени орталықтары өз міндеттір аясында жұмыс атқарып, алакөлдіктердің табысына табыс, өнері мен мәдениетінің жаңғыруына өзіндік үлестерін қосуда»,- деп жарасым тапқан ауызбіршіліктің маңыздылығана тоқталды.

Алғашқы сөз тізгінін алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.СүлейменовЕлбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып халықтар достығына жіті тоқтады. Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Арнай, Теректі ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы А.Кириченко, №1 Қабанбай орта мектебінің ұстазы, жас маман К.Гладкова конфессияаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастық бойынша баяндама оқыса, Б.Смағұлова әжеміз ауыл тарихына қысқаша тоқталып, бата берді.

Шара соңында қатысушылардан сауалнамалар алынып, жинақ папкалары таратылды.

А.ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу: