Үгіттік және ақпараттық баспа материалдарын беру тәртібі.

Ақпараттық хабарлама

Үгіттік  баспа  материалдары газетке ҚР «Қазақстан Республикасындағы      сайлау     туралы» Конституциялық Заңы 28-бабының 3-тармағында көзделген көлемде, газеттің меншік иесімен басылым алаңын беру жөніндегі келісімшартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның  қолы  қойылып,   беріледі.

Үгіттік және ақпараттық баспа материалдары газетке модульдер немесе мақалалар түрінде беріледі. Үгіттік және ақпараттық баспа материалдары газеттің шығатын күнінен 7 күнтізбелік күн бұрын беріледі.

Газет үгіттік және ақпараттық баспа материалдарын, егер  онда  конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіру,  әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни,  және  рулық  алауыздық, қатыгездік пен күш көрсету идеяларын, сонымен қатар заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамаларды құру идеяларын бар деп тапса және заңдылықта қарастырылған басқа да негіздерде қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Барлық материал газеттің тек ішкі беттеріне орналастырылады.

Газеттің басылым алаңының мөлшері және төлем тәртібі.

 Үгіттік  және  ақпараттық    материалдарды орналастыру үшін басылым алаңы төлемінің мөлшері: ҚҚС-ны қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақалалар мен модульдерді орналастыру үшін 1 шаршы см. төлемінің мөлшері — 

250 теңге.

Төлем газет берген есепшот негізінде мұндай есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) күні ішінде жүргізіледі.

Төлем газеттің басылым

алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген газеттің банктік реквизиттеріне төленеді.

Мәліметпен бөлісу: