Шаған тауының жотасында орналасқан Көксу ауданына қарасты Ақтекше ауылында әнші Аян Сейітовтің «Ауылым» атты әніне бейнебаян түсірілді. Бейнебаян үшін Шаған жоталарының ең көрікті, табиғаты әсем жерлері таңдалып алынды.
Түсіру тобының құрамында әнді орындаушы Аян Сейітов, айтыскер ақын Қайнар Алагөзов, ағайынды Роза мен Әбдіжаппар Әлқожалар да болды.
Қайталанбас ерекше стилімен, қоңыр дауысымен, рухты әндерімен танылған Аян Сейітовтың су жаңа бейнебаяны халыққа ұсынылды. Әншінің «Ауылым» деп аталатын әні желіде таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
«Жетегіне еріп жалғанның,
Қалаға жедел жетіппіз
Артынан жүріп арманның
Ауылдан шығып кетіппіз», — деп әндеткен айтыскер жігіт ауылға деген сағынышын жеткізген. Бейнебаянда ауылдан қалаға кеткен жігіт, достарымен ата-әжесінің үйіне келетінін көруге болады. Достарымен Көксу өзенінің жағалауында, «Үш ағайынды» тасының маңында естелік суретке түсіп, тұмса табиғат, сафауада еркін жүргенін аңғаруға болады.
Түсірілім тобының мүшесі әнші Әбдіжаппар Әлқожаның айтуынша Көксу ауданына алғашқы келуі емес екен.
«Мың естігеннен, бір көрген артық демекші, достарымнан Шаған тауының бөктеріне қоныс тепкен Ақтекше ауылы жайында көпеститінмін. Келіп, табиғатына тамсана қарап, таңғалдым, сөйтіп досым Аянның бейнебаянын сол ауылда түсірейік деп ұсыныс жасадым. Ауыл халқы жылы қабылдап, арғы-бергі игі дәстүрлерін, ата-салттарын, тарихи тұғырлы дүниелерін айтты. Түсірілім тамаша өтті»,-дейді әнші Әбдіжаппар.