Кеңес отырысы өтті

Жуырда аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновтың төрағалығымен өңіріміздегі қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының жүзеге асу арысын пысықтау мақсатында кеңес отырысы өтті.

Оған аудандық бөлім, мекеме басшылары, жергілікті округ әкімдері, «Nur Otan» партиясының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде ауданда қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының жүзеге асуы қаралды.

Сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов өңіріміздегі нақты кәсіпкерлік саласының дамып келе жатқанын баса айтып, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын тиісті дәрежеде қолдана алып жүрміз бе деген сауал тастады.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікке талай көмек көрсетіліп жатқанымен, көбісі сол мүмкіндіктерді қолдана алмай отыр. Себебі бағдарламалардың барысын толығымен түсінбейді. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан жеке бизнесті дамытуға бөлінген қаржының жөнді игерілмеуіне әкеледі.

Мінберге көтерілген аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Жуандықов күн тәртібіндегі тақырып бойынша сөз қозғап, мәліметтер мен дәлелдер көрсете отырып, бұл бағыттағы істер жайында әңгіме өрбітті.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан да бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: