Ұлттың ұйытқысы

Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған деп сүбелі сөзбен ана тіліміздің түпкі тамырын түсіне жырлаған данышпандарымыз да саусақпен санарлық-ау. Жазушы ағамыз Тұрсын Жұртпай: «Қазақтың басты жауы –мемлекет құрып отырған ұлтқа қарата биліктің қолданып отырған ұлтсыздыққа негізделген саясаты»,- дейді. Ендеше мемлекеттік тіл өз мәртебесіне жету үшін оның құқықтық негізі мықты болуы шарт.  Тілге деген сәлиқалы саясат туралы ойымызбен тіл төңірегінде жасалып жатқан әрбір ісімізді өзіміз бағамдай білгеніміз дұрыс шығар.

Ұлтты ұйытудың негізгі ұйытқысы – тіл. Тіл заңы бағдарламаларына бағынбаушылық, оған немқұрайлы қарау тіл саясатына жасалған сұғанақтық. Еліне деген мейрімсіздік пен тегіне деген тексіздік деп түсінер едім.

Біз қазіргі кезекте қазақ тілінде жан-жақтылы ақпарат алуына мүмкіндік беретін әдеби танымдық интернет-портал жобалары мен қазақ тілін қолдану аясын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыруды маңдай алды орынға қойғанымыз жөн.Иә,мына заман жаһандану заманы. Инновациялық жолмен интелектуалды топ өкілдерін жетілдіретін ғаламторы билеген заман.Оның үстіне «Цифрлы Қазақстан» құру маңызды жобалардың бірі боп отыр. Демек,ең бастысы бүгінгі сорпа бетіне шығатын игі жақсыларымызбен ертеңгі болашағымыздың жаршысы,үкілеген ұрпағымызды қазақ тіліндегі әдеби танымдық ақпараттардан қамтамасыз ететін интернет желілерін жандандыру жұмыстарында жүйелі жүргізуді қолға алу керек. Қазір адамдар кітаптан көрі компютерден оқығанды оңтайлы сезініп,көп мәліметтерді содан алып жатады. Өз басымда бұлда бар. Бүгінгі жастарға  тым болмаса кітаптан оқымасаңдарда  «Абай жолы» сияқты құнды дүниелеріміздің электрондық версиясын тыңдауға ұсыныс жасайым. Дегенменде сайттағы дүниелеріміздің кейбірітілдік нормаларымен,орфографиясымен біраз кемшіліктері көрініп жатады.

Егеменді ел болып ершігімізді түзеп,еңсемізді көтергендейміз. Ал тіліміздің тіктелу деңгейі әлі де болса баяу сыңайлы. Біз ол үшін ең бастысы, осы қазақ тіліне деген қажеттілікті тағы да туындата түсуіміз керек.

Өзгеден бұрын қазақпен қазақтың қазақша сөйлеспегені өкінішті,ұят-ақ. Анасының алтын құрсағынан туып,уыздай пәк ақ сүтін емгендегі алғашқы ыстық бал тілдің қадыр-қымбатын қалайша түсінбейміз.

Әрине,тіл барда ұлт бар,ұлт барда қазақ деген мемлекет бар.

Ойымның соңғы нүктесін сөз түсінер, ана тілінің нарқын біліп, елінің ертеңі үшін алаңдайтын ағайынға жүрек жарды бірнеше өлең шумақтарымен түйіндей кетейін:

Туған тіл –  тіріге жыр,  өліге құран,

Туған тіл- жерде жебе, көкте қыран.

«Қызыл тіл тас жармаса бас жарады»,

Туған тілдің шәйрі боп тірлік құрам?!

Сексеуіл ел,майқы тіл, көкбөрі ойлы,

Сен қазақсың, орақ ауыз,от көмейлі.

«Өлімнен  ар-ұятым  артық»,- десең,

Шешілмесін ана тілдің көк көйлегі.

Тілсіз шенеулік  ұстаса  ел тізгінін,

Келер басқа  кемсеңдеген  күзгі күн.

Тіл тағдыры-ел тағдыры емес пе,

Тіл шұбарланса түсінеді бізді кім?

Қ.ҚАДЫРСҰЛТАН,

Ынталы ауылдық округінің жастар нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: