Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек

Мемлекеттік басқару ісі – теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да өзекті мәселелердің бірі.

Жуырда Мемлекет басшысы Қ. К Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшінің ашықтығы халықпен өзара қарым-қатынастың сапалы қалыптасуына, сеніміне ие болуға әкелетін бірден бір тиімді құрал.

Елімізде үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құру және шешімдерді қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ұсынылғалы  қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениеті өзгерді. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделінқалыптастырды.

Қазіргі ғаламтор жүйесі дамыған заманда барлығы дерлік әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарын кең көлемде қолдануда. Мемлекеттік органдар мен қызметкерлер, басшылар әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, халықпен тікелей байланысқа шығып ашық диалог құруда.

Қоғам алдында ашықтықты жүзеге асырып, халық өтінішіне құлақ асу  мақсатында «Ашық есік» немесе «Есеп беру» күндері, жергілікті басшылар мен аудан, қала, ауыл әкімдерінің тұрғындармен кездесу кестесі белгіленіп, өткізіліп отырады. Сондай-ақ, халықтың қажеттілігі мен талап-тілегін нақты біліп отыруға мүмкіндік беретін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі де іске асуда.

Қабылданған саяси реформалар мемлекеттің дамуында маңызы зор.

Мемлекетті басқарудың тағы бір мәселесі — әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу.Бұл саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадамдардың бірі. 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе енгізілгелі ауданымызда 16 ауыл әкімі сайланды. Биылғы жылғы сайлау науқанында Алакөл ауданындағы Жанама, Тоқжайлау, Ырғайты, Көлбай, Арқарлы ауылдық округтерінің әкімі жаңа жүйеге сәйкес халық таңдауы жасалды.  Тікелей сайлау жүйесінің әрбір жаңа толқыны ашықтықты арттырып, әділ саяси күреске жағдай жасап, азаматтық белсенділіктің өсуіне үлкен серпін береді.

«Алакөл Экосистемасы» қоғамдық бірлестігінің

жетекшісі Күлдария Бектемисова

 

Мәліметпен бөлісу: