Мемлекеттік қызметші – жалпылай алғандай қоғамның айнасы деуге толықтай негіз бар. Саяси тұрғыдан ғана емес, адамгершілік принциптерімен алсақ та аталған сала мамандары үнемі өзіндік ідептілік қағидаттарын қатаң қадағалауы қажет. Бұл олардың ортақ көріністерін, ұстанымдарын айқындайтын Әлеп кодексінде нақтыланған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2022 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін және парасаттылық ахуалын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлқының жай-күйінің алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасы алты қағидаға негізделген. Бұл адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану.
Мемлекеттік қызметшілер Халықпен жұмыста барынша икемді болуға, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуға және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер оларға қойылатын талаптарды қатаң сақтауға тиіс. Кішіпейіл болу, азаматтармен қарым-қатынаста этика көрсету, дөрекілік, қадір-қасиетті қорлау, әдепсіздік және этикалық емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өз тарапынан әрекеттері мен мінез-құлқымен сын тудырмау, іскерлік этика мен ресми мінез-құлық ережелерін, іскерлік дресс-кодты сақтау, ұжымда өзара және конструктивтілікті сақтау, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау секілді талаптарға толықтай бағынуы қажет.
Мемлекеттік қызмет жүгін арқалаған әр маманның Әдеп кодексін сақтауы, адамгершілік шекарасынан аттамауы, өз жұмысын тиянақты, ұқыпты орындауы, ел мүддесі үшін еңбек етуі алдыңғы қатарлы шарт деп білеміз.
Талғат КОБДИКОВ,
Қамысқала ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.