Қарттардың әр қадамы артынан ерген ұрпаққа үлгі екендігі сөзсіз. Осы ретте Алакөл ауданының Құрметті азаматы, ақын-жазушы, ҚР Журналистер одағының, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Тезекбай Садиев ақсақал да иегіндегі сақалының, иығындағы шапанының салмағына қарамастан, әулет мүшелерін ертіп, Үшарал қаласындағы №50 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Мен үшін бүгін қос мейрам. Біріншісі төл мерекем, 82 жасқа толған туған күнім. Екіншісі еліміз үшін аса маңызды шешім қабылданар референдум өтіп жатқан күн. Сол үшінде үлкенді-кішілі әулет мүшелерімді ертіп, дауыс беруге келдім. Мен болашақ үшін алаңдаушылық танытатын, ұрпақтың ешкімнен тәуелсіз өмір сүруін қалайтын адаммын. Сондықтан да менің таңдауым келешек үшін сәл болса да үлес қосады деген сенімдемін»,- дейді ақсақал.
Тезекбай ақсақалған арнайы сыйлық табысталып, құрмет көрсетілді.