БЕКІТЕМІН
«Алакөл ауданы ішкі саясат,
мәдениет,тілдерді дамыту
және спорт бөлімі»
ММ-нің басшысы
_____________ Б.Айтахметов
«____»__________ 2023 жыл
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер.
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі — конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі — зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге , отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
3.Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсене қатысатын
(волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
4. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
2.Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
5. Конкурсты ұйымдастырушыларыАлакөл ауданы ішкі саясат, мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі болып табылады.
6.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия құрамы конкурсты өткізу форматын бекітеді.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қағаз және (немесе) электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттырдың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2)асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмілетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және немесе жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
7. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
8. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
9. Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
- Отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы-визит карточкасы-таныстыру рәсімі);
- Отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
- Отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
- Балаларының және немерелерінің жетістіктері;
- Ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістікері;
- Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
- Отбасының дарындары;
- Отбасының өмір сүру салты (салауатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);
- Отбасының қоғамдағы беделі;
- Волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа қатысуы;
- Облыстың (ауылдың, ауданның, қаланың) қоғамдық өміріне қатысуы;
- Жетім балаларға қамқорлық, тәлімгерлік.
10. Комиссияның әрбір мүшесі үміткерлерді балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).
Ең көп ұпай жинаған отбасы байқаудың жеңімпазы атанады.
11. Өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарына байқауға қайталап қатысуға жол берілмейді.
Қатысушылар туралы мәліметті 2023 жылғы 10 маусымға дейін alakol-ovp@mail.ru электронды поштасына жіберуі тиіс.
«Мерейлі отбасы» ұлттық кокурсына қатысуға арналған өтінім
- Отбасы құрамы:
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туыстық дәрежесі | Туған күні (айы, жылы) | Жұмыс оқу орны, қызмет түрі лауазымы | Мекен-жайы байланыс телефоны |
- Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
3.Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар,
отбасындағы балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері) _________________
________________________________________________________________
4.Отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және жетістіктерін қысқаша сипаттай отырып, отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) кәсіби, қоғамдық оқу, спорттық, кәсіпкерлік, шығармашылық қызметтегі жетістіктері) ____________________________________________
_________________________________________________________________
5. Наградалардың сыйақылардың болуы және түрлері (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертфикаттардың көшірмелерін қоса бере отырып _________________________________________________________
6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (болған жағдайда) _______________________
________________________________________________________________
7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан артық емес)
8. Отбасының презентациясы бар бейнеролик (ұзақтығы 2 минуттан аспайды).
Қолы _______