Жуырда аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында ауданның еріктілері «Нұрлы Жастар» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Тәртіпсіздікке және құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік » атты кездесу өткізілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Сыбайлас жемқорлықпен жан — жақты күресу және азаматтардың негізгі құқықтарын түсіндіруді мақсат еткен кездесуге Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстаздары мен білімгерлері қатысты.
Кездесуде ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлейменов төрағалық етті. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев қала ішіндегі тәртіп орын алмауын ескертіп, құқықбұзышылықтың алдын алуға шақырды.
Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы А.Мұсанов ЖПҚБ-мен ағымдағы жылдың 9 айында жалпы 2943 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде «мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша» жалпы 1939 хаттама толтырылғанын атап айтты.
Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас маманы Е.Қасымов «Тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру, нөлдік төзімділікті қалыптастыру» атты баяндама оқыды.
Мемлекеттік қызметтер ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Е.Төкенов қатысушыларға бүгінгі таңдағы мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер жайлы сөз қозғаса, «Нұрлы Жастар» ЖҚБ жетекшісі Т.Қабылқанов аудандық жастар ресурстық орталығының сыбайлас жемқорлық бойынша атқарылған жұмыстарын тізбектеп шықты.
Жастар ресурстық орталығының психолог маманы З.Кульбаева қатысушыларды аталмыш тақырыптағы көрмемен таныстырды.
Кездесу соңында қатысушыларға үлестірме материалдары таратылып, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сауалнама алынды.
М.БЕКҚОЖАЕВА.