Мұзбалақ ақынның шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттауға
арналған байқау кезекті рет облыс деңгейінде өткізілді. Қазақтың қара
өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған ақынның оқуларының өтуіне Алматы
облысы білім басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің
және «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балар мен талантты жастарды
анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы мұрындық болды. Мұқағали
Мақатаевтың 91 жылдығының аясында жалауы желбіреген әдеби додаға
облыстың әр аймағынан 63 оқушы қатысты.
Поэзияны Мұқағалиша сүйетін дарындылар үш аталым бойынша бақ сынады.
Қатысушылар
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бағытта Мұқғали
Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, «Жыр эстафетасы» аталымында «Аққулар
ұйықтағанда», «Алтай-Атырау», «Райымбек-Райымбек» поэмаларын жатқа
айтты. Ал «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында оқушы өз
шығармашылығынан 3-5 шумақтан тұратын өлеңін қазылар алқасының таңдауы
бойынша оқыды.
Қазылар алқасы қатысушылардың тілінің тазалығы,
сахна мәдениеті, мүдірмей жатқа айтуына, көркем оқуына аса мән берді.
Жарыс барысында әр оқушының өнер көрсетуінен кейін әділ қазылар
ұпайларды көрсетіп отырды. Бағалаудағы шекті балл-10 ұпай болды.
Жалғасы kerbulaq.kz сайтынан оқи аласыздар.