2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30-шы қазанға дейін елімізде жалпы ұлттық халық санағы жүргізілетіні баршаға мәлім. Биылғы халық саны туралы мәліметтерді жинау процесінің ерекшелігі – екі әдіспен жүзеге асырылатын болады. Бірінші әдіс – халық санақтан өзі онлайн режимде өтсе, екіншісі дәстүрлі әдіс – деп хабарлайды “Jetisý Media”.
Алғашқы әдіс -1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қазақстандықтар онлайн-режимде sanag.gov.kz сайтына кіріп, санақ аясында қойылатын барлық сұрақтарға жауап бере алады.
Аталған сайт респондеттің тіркелуін талап етеді. Сайтқа сәтті тіркелгенен кейін, барлық отбасы мүшесін жазып қалдыратын электронды санақ парағы ашылады. Сайт тәулік бойы қолжетімді болады.
Ал, санақтың екінші әдісі – 1-30 қазан аралығында сайтақа кіріп өзін және отбасын жазып тіркемегендерге арналмақ. Яғни, тіркеуден өтпеген халықты жаппай аралап жүріп тіркеу басталады.
«Жаппай аралап жүріп түркеудің бір ерекшелігі планшеттермен ЖСН арқылы тіркеу. Бұл жүйе адами фактырды аз талап етіп, жұмысты жеңілдетеді және қағазбастылықтан құтқарады», -дейді Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Динара Молдағұлова.
Сондай-ақ, осы жолы Қазақстанның барша тұрғындары санақтан өтпек. Яғни, құжатты жоқ азаматтар мен шетел азаматтары да саналмақ.