«PATRIOT.KZ» спорттық-патриоттық реалити-шоуының жеңімпазы Ұлыбританияға аттанбақ

Алматы облысы, Қаратал ауданының тумасы Ертанов Мирас Ұлыбритания мемлекетіне барып тәжірибе жинамақ. Ол жобадаболған 16 қатысушының ішінен суырылып шығып, «PATRIOT.KZ» белбеуін қанжығасына байлаған болатын.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жоба ұйымдастырушысыНауканов Бағдат баяндады.

Өткен жылдың 19 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өткізілген  «PATRIOT.KZ» реалити-шоуының мақсаты жастар арасында патриотиоттық сезімді ояту, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жергілікті теледидар мен интернетті пайдаланып, жалпы қоғамға салауатты өмір салтын насихаттау еді.

« «Патриот.KZ»  спорттық шоуына 11 аудан мен қаладан16 үміткер қатысқан. Олардың жас ерекшелігі 18-22 жас аралығында болды. Шаршы алаңда қарсылартарын шаң қаптырған Мирас 21-ші қыркүйек күніҰлыбританиядағы«Anthony Joshua vsAlexander Povetkin» кездесуін тамашаламақ. Еуропа елінебарудағы мақсатымыз азулы  екі  боксшының кездесуін көру, оқу-жаттығу сабақтарын жүргізу және тәжірибе алмасу болып табылады», — дейді  Б.Науканов.

Сондай-ақ, «PATRIOT.KZ» шоуының жеңімпазы жобадан кейінгі өзінің жаңалықтарымен бөлісе кетті.

— «Патриот Қазақстан» спорттық-патриоттық шоуына қатысқаныма өте қуаныштымын. Мұнда мен жақсы жолдастар тауып, өзімнің спорттағы жолымды таптым десем де болады. Реалити-шоудың арқасында Лондон қаласында  өтетін кәсіби боксшылардың кездеруін тамашалаймыз. Осы мүмкіндікті сыйлаған Алматы облысының әкімдігіне өз алғысымды білдіргім келеді, — дейді ол.

Сонымен қатар боксшыжиын соңында«VIP ZHETYSU» кітапханасында студенттермен жолықты. Ол жоба барысында алған  әсерлерімен бөлісіп, кітапхана мүшесі атанды. Оған арнайы сыйлықтар табысталып,білімгерлермен естелікке суретке түсті.

 

 

Меруерт Махмұтжан

Мәліметпен бөлісу: