Референдум арқылы маңызды жобаның болу-болмауы шешілмек


6 қазан. Референдум. Саяси маңызы бар шараға Жетісу облыстық мәслихатының депутаттары да қалыс қалмай, өз учаскелерінде дауыс беруде.
Соның бірі халық қалаулысы Баршагүл Саятова. Оның пікірінше саяси науқаннан әр сайлаушы тыс қалмай, азаматтық белсендігімізді таныту керек деп есептейді.
Депутат өз учаскесіне келіп, дауыс беріп, учаскенің қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп өтті.

Баршагүл Ахатқызы өз сөзінде: «осы маңызды референдумға қатысу арқылы біз еліміздегі маңызды жоба АЭСтың болу-болмауын шешпекпіз. Азаматтық міндетімізді орындайық»,- деп атап өтті.



Мәліметпен бөлісу: