2013 жылдың 16 қаңтардағы ҚР «Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 39 бабы 1 және 2 тармақшаларына сәйкес, ҚР Үкіметі шекара маңындағы әкімшілік – аумақтық бірліктердің аумағы шегінде осы Заңда айқындалған шекара режимі қолданылатын шекаралық аймақты белгілейді.
Сонымен қатар, шекаралық режим талаптарын бұзған жағдайда, азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексімен әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын еске саламыз.
510-бап. Шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу
- Шекара аймағына кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп – тұруы аясында шекара режимін бұзуы:
- Жеке басын куәләндыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының;
- Жеке басын куәләндыратын құжатсыз не ішкі істер органдарына беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның.
Бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу
- Белгіленген тәртіпті сақтамау арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс – әрекет белгілері болмаса;
Жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шекара бұзушылық фактілеріне куә болған жағдайда немесе қосымша ақпарат алғыңыз келсе келесі байланыс бойынша хабарласуға болады.
Байланыс телефоны:
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша Департаменті: 8 72833-60-007, 872833-60-001 жедел кезекші.