Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу туралы сөз қозғалды



Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу» жобасы туралы сөз қозғалды. Бұл жоба негізінен «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешені» аясында патриотизм сезімін ояту, ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи мұраны сақтау және ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрлер, мәдениет, ана тілі мен әдет-ғұрыптар рухын сақтауға бағытталған.
Атап айтсақ, байқау бойынша «Дана ене – Үздік келін», «Асқар тау әке – Зерек бала» номинациялар бойынша аудандық және қалалық конкурстар ұйымдастырылады.
«Жоба шеңберінде тақырыпқа байланысты түрлі іс-шаралар қолға алынады. Мәселен, «Дана ене – Үздік келін», «Асқар тау әке – Зерек бала» бағыттары бойынша семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары аудандық және қалалық, облыстық конкурстар өткізіліп, қаржылай сыйлықтар табыс етілетін болады. Мұндағы мақсат – шараға қатысушы әрбір азаматтың ұлттық құндылықты дәріптей отырып, рухани көшбасшылық қасиеттеріне ықпал ету», — дейді ұйымдастырушылар.

Мәліметпен бөлісу: