Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдап және насихаттау, талдау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқытушылармен студенттермен бірге дөңгелек устел өтті, барлық іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады.
Президенттің бүгінгі күнгі жолдауында елдің бүгіні мен болашағы туралы ойы, Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді және тебірене сыр шерткенде, қуанасын, елін ойлайтын, нағыз ер екендігіне бас иесін. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу, ұлттық сана, таяу жылдардағы міндеттерге қатысты бірқатар мәселелер айтылды. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында».
Жолдауда Қ.К.Тоқаев: «Қазақ тілі — мемлекет саясатын дамытудың басым бағыттарының бірі. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар — бұл қазақ тілі. Болашағымызды дамытатын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы қажет» деп анықта айқын тоқтала кетті. Осыған байланысты әрбір білім алып жатқан азамат үш тілді меңгеріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті, іскер болу керек. «Қиын жағдайда қалып қойған азаматтарға көмектесу — басты міндеттердің бірі» деген президент бізге түбегейлі өзгеріс керектігін, яғни «прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз»,- екендігін атап көрсетті. Студенттерге қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді деп түсіндірдік.
Президентіміз Қ.К.Тоқаев: «Бірлігіміз — әралуындықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды», яғни алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Кез — келген білімді жас өмір талабына сай мамандықты өзгертіп, нарықтық эконимикага бейімделе алу керек. Ең басты капитал білім екендігін түсініп қана қоймай, унемі жетілдіріп отыру керек. Білім әр адамның рухани азығы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала беретіндігі анық, сол ушін біз унемі жетіліп, ізденіп, дамып отыруымыз керек. Қазіргі елімізде болып жатқан төтеше жағдайға байланысты білім ғана бізді дамыған елдердің қатарына қосатынын цифрлық экономика деңгейіміз қандай екенін қашықтықтан оқыған кезде түсіне бастадық, ел мен елді жермен жерді байланыстыратын цифрлық экономикамызды дамыту керек екенін түсіндік, білім барлық жерден алып шығатынына көз жеткіздік. Сол білімді студенттерге сапалы түрде беру біздің басты мақсатымыз.
Ж.Ж.ЧУНЕТОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Биология және биотехнология факультетінің Генетика және молекулалық биология кафедрасының оқытушысы, б.ғ.к., доцент.