Сексен жылдық серт пен сенім

Мемлекет. Осынау бір атаудың ішіне қаншама ұғым кіріп кетеді десеңізші. Ал сол үлкен Отанның тыныштығы мен шекараның бүтіндігін қамтамасыз ететін әскерилердің қоғамдағы орны ерекше.

Аспан астын жайлаған алып Қытаймен шекара сызығын бөліскен айдынды ауданымыздың тұрғындары ықылым заманнан бері батыр әрі әр азаматы туған жерінің қарыс адымын жау қолына бермес үшін атқа қонып, майдан даласында ерлік көрсетуге құмар еді. Сондықтан бертін келе де өңіріміздегі әскери салаға ерекше көңіл бөлініп, жауынгерлерді әзірлеу ісі кемшін қалған емес.

Ендігі кезекте сексен жылдық тарихты еңсерген аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өткені мен бүгініне тоқталсақ.

Азаматтық соғыс жылдары және қайта құрылу кезеңінің бастапқы бес жылдығында барлық әскерге шақырылу сұрақтары Лепсі Уездік әскери  комиссариаты арқылы шешілді.

Ал 1923 жылға дейін Степногорск атқарушы комитетімен, одан кейінгі уақытта Учарал Волостный атқарушы комитетімен жүзеге асырылды. Нақты Алакөл аудандық әскери комиссариаты жергілікті басқарушы  органдарының қайта құрылу кезеңінде, яғни 1939 жылдың 8-сәуірінде құрылды.

Ұлы Отан соғысы алдындағы жылдарда аудандық әскери комиссариат 1939 жылы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы»Заңның қабылдануына сәйкес әскери қызметке жауапты адамдарды қайта тіркеуде үлкен жұмыс жасады. Сонымен бірге арнайы даярлықтан өткен әскери міндеттілерді резервтер қорына дайындау және жинақтау, автотракторлы техниканың жай-күйін есепке алу және отандық шаруашылықта жылқықоры мен Совет армиясы үшін бөлінетін техникалық қызмет көрсетуді жақсарту мен тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар азаматтардынақты қызметке шақыру және дайындауын өткізу бойынша ілкімді істер атқарылды. жұмыс жүргізілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық әскери комиссариаттың алдында армияны толтыру көздерін табу және қорғаныс өнеркәсібін жоғарғы жас шамасындағы  шақырылушылармен толықтыруміндеті болды, осыған байланысты 1941 жылдың желтоқсан айында ауданда әскери міндеттілер мен шақырылушыларды қайта есепке тіркеу жүргізілді.

1941-1945 жылдары толық емес деректерге сәйкес барлығы Совет а рмиясы  мен әскери-теңіз флотына3120  солдат (қатардағы жауынгер), сержант және запастағы офицерлер, сонымен бірге қорғаныс өнеркәсібіне 1250 азаматтар шықырылды.

Сөйтіп, 1941 жылдың аяғында, бүкіл ел бойынша жалпы орнығуға байланысты әскери дайындыққа 16 және 50 жас аралығындағы азаматтар тартылды.

1997 жылы Үйгентас ауданы Алакөл ауданының құрамына енгізілді.Осыған байланысты 1997жылдың 31 тамызында Үйгентас ауданының әскери комиссариаты Алакөл ауданына көшірілді.

2004 жылдың ақпанында ауданның әскери комиссариаты Алматы облысының Алакөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі болып ауыстырылды.

Аталған мекемені 1939 жылы Есютин басқарса, одан кейінгі уақыттарда Кондратенко (1942 ж.), Кулаченко (1942 ж.), аға лейтенант М.Косчебаев (1943 ж.), капитан Ш.Калкабаев (1948 ж.), майор Д.Морозовский (1959 ж.), капитан С.Аяпбергенов (1965 ж.), майор М.Джантешев (1970 ж.), майор Г.Николаев (1973-1979 ж.), подполковник В.Ялымов (1979-1985 ж.), подполковник В.Глушенко (1985 -1987 ж.), подполковник К.Мукашев (1987-1993 ж.), майор Б.Отарбаев (1993-1994 ж.), майор М.Ансариев (1994-1996 ж.), лейтенант Ш.Шаханов (1996-1997 ж.), подполковник А.Чучуладзе (1997-2008 ж.), подполковник Е.Мейрамбеков (2008-2014 ж.) басшылық етті. Ал 2014 жылдан осы уақытқа дейін бөлім тізгіні менің қолымда.

Бүгінгі таңда аталған бөлімде 24 қызметкер еңбек етуде. Олардың басты мақсаты шекара шебін қорғап, қару асынып, тыныштығымызды қоритын жауынгерлерді әскер қатарына аттандыру. Бұл істе айбынды ауданымыз облыс бойынша алдыңғы қатарларда екендігі қуантады.

Барша әріптестерім мен қарулы күштер құрамындағы сарбаздарды, бұрынғы комиссариат, бүгінгі бөлім арқылы әскерге аттанған және осы жерде қызмет еткендерді сексен жылдық мерейтоймен шын жүректен құтықтаймын. Ел игілігі үшін ерінбей еңбек етіп, бейбітшілік жолында аянып қалмаңыздар.

Е.ЖҰМАНОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: