Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген тәмсіл бар. Туған жерге ту тігіп, махаббаты пен демеушілгіін арнап жатқан арда азаматтарға қарап бір жасап қаласың.
Бұндай мысалдарды Үшбұлақ ауылдық округі жайында да айтуға болады. Аулымыздың атымтай жомарттары Талғат Белбеуов пен Жанахметұлы тұрғындарға өз қаражаттары есебінен жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.
Аталған тұлғалар өткен жылы ауылымызға қатымхана салып, көпшіліктің тілек-ниетін орындаған еді. Сондай-ақ, ауылға үлкен қазақ үй орнатып, жастарға бильярд үстелін алып берді. Мектебіміздің спорт залын жөндеуге де септесіп, балаларға жаңаша мүмкіндік сыйлады. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, туған өлкесінің көркеюіне үлес қосып жүрген қос ұлымызға алғысымыз шексіз. Осы сауапты істері Алладан қайтып, амал дәптерлеріне оңынан жазыла берсін дегіміз келеді. Осындай тұлғаларды түлекткен ата-аналарына да құрмет молынан.
Үшбұлақ ауылының тұрғындары.