Шекарашыларға дәріс оқыды

Жетісу облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» дінтанушы маманы Заманбек Тоқсанбаев шекарашылармен сұхбат өткізді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастырумен өткен кешенді шара соңында Заманбек Еркінұлын сөзге тарқан едік:

  • Құмар ойынына беріліп, қалтасындағы қаражатпен бірге мал-мүлкін қоса тігіп жіберіп жатқандар бар. Ол – шындық. Елімізде мұндай жандардың қатары көбейіп, тағдырын тәлкек еткендердің саны күнен күнге көбейіп барады. Қоғам үшін қауіптісі де сол. Басында оңай табыстың көзі деп ойлап қалғандардың өмірі өкінішпен аяқталып жатыр,- дейді.

Әр адам мұндай теріс қылықтардан бойын аулақ ұстауы қажет. Шекара ұжымдарымен өткен сұхбаттың да мақсаты осы. Шара барысында әскери қызметшілерге құмар ойыны туралы ақпарат толығымен жеткізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: