Соңғы тәулікте Ескелді ауданында Covid-19-дың 2 жағдайы тіркелді


Өңірдегі өсім қарқыны — 0,1%. Пандемия басталғалы Ескелді ауданында 1624, зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдары бар – 1067 жағдай, симптомсыз – 557 жағдай.
Сондай – ақ, қазіргі уақытта провизорлықорталық аудандық ауруханада 33 пациент, амбулаториялық емдеуде – 45, үй карантинінде-14 адам емделуде. Барлығы 1532 науқас жазылып шықты.
Ескелді ауданында тұрғындар арасында вакцинация жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқандығын атап өткен жөн.
Бүгінгі күні короновирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны — 17 232, Вакцинаның екінші бөлігін алғандар, яғни вакцинациялаудың толық курсынан өткен халық саны-14 046 адам, бұл тиісті контингенттің 55% — ын құрайды.
Оқушылар арасында КВИ — ге келетін болсақ, оқу жылының басында 34 мектеп жасындағы бала вирус жұқтырса, педагогтар арасында 13 жағдай тіркелді.
Мектептерде оқушылар арасында барлығы 674 адам байланыста болғаны анықталды. 40 сынып үй карантиніне жіберілді. Білім беру ұйымдарына санитариялық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 36 қаулы берілді.

Мәліметпен бөлісу: