Су астында қалғандарға сабыр берсін


Апат — айтып келмейді. Міне, қанша күннен бері ел аумағында үлкен дүрбелең. Қазақстанның 10 аймағын су басып, табиғат өз қаһарын көрсетті. Бұқараның сан жылдап жинаған дүниесі лай астында қалды.
Күні бүгін мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа Үндеу жолдап, мәселе мәнісіне тоқталды. Қайғыға бұққан жұртшылыққа толықтай көмек көрсетіліп, материалдық шығындары өтелетіні айтылды. Барлық сумен кеткен мүліктің есебі шығарылып, мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалынады деді.
Сонымен қатар, апатпен күреске жұмылған барлық тиісті мекеме қызметкерлері мен волонтерлерге алғысын білдірді. Жұрт болып жұмылсақ қана бұл қиындықты да еңсеретінімізді ескертті.
Су басқан аймақ халқына сабырлық берсін. Барлығымыз да сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, дұғада боламыз. Апатты аймақта құтқару жұмыстарын атқарып жатқан батырларымызға да сауап молынан бұйырсын. Біз сіздермен біргеміз.


А.ЕСЕНБЕКОВ,
“Алакөл” газетінің бас редакторы

Мәліметпен бөлісу: