Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өңір басшысы Ә.Жақанбаев көмекке зәру тұрғындардың мұң-мұқтажын түгендеп, тілегіне құлақ асты. Кезекті қабылдауға аудандағы бөлім, мекеме басшылары, тиісті орган қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында шешімі табылмай жүрген мәселелері бойынша көптеген тұрғындар көмек қолын созуды сұрады. Олардың қатарында тұрғын үй алуға, тұрақты жұмысқа орналасуға, егін егу үшін жер телімін алуға көмектесуді, көше жарығын, жол жөндеу, ауыз су мәселесі бойынша және жылумен қамтамасыз етуді сұраған жандар болды.
Аудан әкімі Ә.Жақанбаев аталған мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Қабылдауға жалпы 26 тұрғын келді.
М.ҚУАТҚЫЗЫ.