Тәртіпсіздік кезінде жас тергеуші жарақаттанған әріптестеріне қызыл жалын шарпыған Талдықорған қалалық ПБ ғимаратынан шығуға көмектесті
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында орын алған тәртіпсіздіктер барысында саптық полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге Алматы облысы ПД тергеу және анықтау қызметкерлері жұмылдырылды.
«Талдықорған қаласы полиция басқармасының ғимаратына лаңкестер шабуыл жасаған кезде тергеу басқармасының жас тергеушісі, полиция аға лейтенанты Әділет Мыңбаев көзге түсті. Өрт шыққан кезде ол алған жарақаттарының салдарынан өз бетінше жүріп-тұруға шамасы келмеген, қос тергеуші А.Ж. Тілеукенов пен А. А. Тынысбаевқа көмек көрсетіп, жанып жатқан ғимараттан шығуға және қауіпті аймақтан кетуге көмектесті», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеу бөлімшесінің жас қызметкері үлгілі қызметкер екенін атап өткен жөн. 2020 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Омбы академиясын бітіргеннен кейін Полиция департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі болып тағайындалды.