Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойғы арманына қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз соның арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Ал оның әр жылы қандай ерекшелігімен есте қалды, осыған тоқталмақпыз.
1991жыл
1991 жылғы желтоқсанда Қазақстан өз егемендігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
1992 жыл
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы республиканың жас мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жыл
1993 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
1993 жылғы мамырда Елбасы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды.
1993 жылдың 15 қарашасында төл теңгеміз айналымға түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1995 жыл
1995 жылғы « наурызда Қазақстан халық Ассамблеясы құрылды.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
1996 жыл
Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше болды.
1997 жыл
1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған, 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
1998 жыл
1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтті.
1999 жыл
1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2000 жыл
«Жер туралы» Заң жобасы қабылданды. Алғаш рет мемлекетімізде гендерлік саясат мәселелері талқыға түсті. Қазақстан айналасындағы геосаяси өзгерістер мен соңғы уақытта орын алған экстремизмнің өріс алуы, әскери конфликттердің эскалациясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен республиканың Әскери доктринасы бекітілді. Маңызды олжа ретінде Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға арналған соңғы ойпанның жойылуын айтуға болады.
2001 жыл
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
2002 жыл
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 жыл
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
2004 жыл
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.
2005 жыл
«Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры тартылып, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын одан әрі ынтымақтастыра түсті. Қазақстан мен Ресей арасында тарихи қадам – «Қазақстан-Ресей шекарасы туралы» Заңы бекітілді.
2006 жыл
2006 жылдың 1 қыркүйегінде Елордамызда пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы ашылды.
2007 жыл
Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мақсатында «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі 2010 жылы бұл Ұйымга ҚР-ның төрагалық етуі туралы шешім қабылдады.
2008 жыл
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Монументтің биіктігі 91метр.
2009 жыл
Әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан Қазақстан жан-жақты даму саясаты бойынша алға басты. Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданып, тиімді қаржы құралдарын қолдануға шарттар жасалынды. Мемлекеттік децгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіруге, оның пайда болуына байланысты жауапкершілікті күшейту және алдын алу шаралары маңызды мәселелердің бірі болып табылды.
2010 жыл
Бұл жылы140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды.
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті.
2011 жыл
2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.
Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды
«Дін туралы» жаңа заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттік құрылды
Жылдың ең көп айтылған тақырыбы Қазақстан, Ресей және Белоруссия елдерінің арасындағы Кедендік Одақтың жүзеге асуы болды.
2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
2012 жыл
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.
Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті.
Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады.
2013 жыл
Барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды.
Қазан айында «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси доктринасы қабылданды. 2014 жыл
Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады.
2015 жыл
Ұлы Жеңістің 70, ұлт бірлігінің ұясына айналған Қазақстан халқы Ассаммлеясының 20 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Төл тарихымыз жаңғырып, қазақ хандығының 550 жылдығы ұлықталды.
2016 жыл
2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы тойланды. Мемлекетіміз əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
2017 жыл
Алматы қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары, Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбымен Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті.
Қазақстан Азия тобы мемлекеттерінің атынан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.
Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялап, ұлт тірлігіне тарих төңкеріс әкелді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласында жұрттың көмейінде жүрген көптеген тақырыптарды көтеріп, қазақстандықтардың рухани тұрғыдан жаңғыруларына жол ашты.
2018 жыл
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін бастады.
Осы жылы елорданың еліміздің астанасы болғанына 20 жыл толады.
Каспий теңізінің статусына қатысты келісімге қол қойылды.
«7-20-25» бағдарламасы іске қосылды.
2019 жыл
Президент сайлауы өтіп, ел тізгінін Қ.Тоқаев ұстады.
Астананың атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгертілді.
2019 жыл «Жастар жылы» деп белгіленді.
2020 жыл
Аталған жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланып, осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда.