Тағдыршешті таңдау: АЭС – болашақ қуаты


Күні кеше мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында ертеңіміз үшін елеулі қадамды ұсынды. Ол әрине – АЭС салу мәселесі. Осы ретте 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтіп, таңдау жасау құқы берілмек. Демек, халық болып болашақ үшін дауыс беруге жұмылғанымз жөн.
Ұлттық мүддеге, ұлы даланың өркеүдеуіне бағытталған бағдарлы бастамаларды қолдауда “Сен тимесең мен тимеймін” деген позицияға ерік бермеуіміз керек. Соның бірі Аэс салу мәселесі.
Көптің көңілін түртіп, көмейінде жүрген бұл іске “Мен қарсымын!” …. деген пікірді тек өресі төмен, білімі таяз адам ғана айта алады. Елдің экономикалық тұрақтылығы мен энергетикалық тәуелсіздігіне, өзгенің ауласына сығалап, алақан жаюдан арылуға, ең бастысы қауіпсіздігіне қарсы шығумен тең деп білемін.
Барлығымыз да ауылда өсіп, тамыр жайған ұл-қызбыз. Балалық күнімізде үйде жарық сөнсе анамыз: “Далаға барып қарашы, көршілерде свет бар ма?”-, дейтін. Қазіргі таңда ауыл-абанның маңында емес, күллі мемлекеттік деңгейдк осы жағдайда отырмыз. Шекара сыртындағы көршімізде жарық сөнсе біз де соларға телміріп қаламыз. Рас қой. Жарық іздеп, жалтақтаған қазақтың көгіне шығып күн болам, күн болмағанда кім болам дейтін біз жастар бұл бастаманы толықтай қолдауымыз керек.
Тағдыршешті таңдау келе жатқан мезетте биліктен көмек сұрайтын емес, керісінше билікке көмектесетін тұлға болуымыз қажет. Шетелден білім емес, көлік пен көзімізді ашар жарық тасып жатқан заманда кей әпкелеріміз айтқандай “Өзіміздікі өндірістікі” дейтін дүние екенін мойындайық.
Иә, қауіп әр жерде бар. Бірақ, үлкен мақсаттарға қадам басқанда ұсақ-түйек кедергілерге мән бермегеніміз жөн. Чернобль мен Фукусимадағы алапат апаттар, Франциядағы Сан-лерон-доз, Ақштағы Три-майл-айленд, Испаниядағы Вандельос атам бекетіндеті апаттардың барлығы өткен ғасырдың еншісінде, адами және табиғи факторордың салдарынан болды. Алайда қазіргі білімнің салтанат құрған, ғылымның қарыштаған уақытында Аэс қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріліп, тың өзгерістер орын алды. Ендігі айта кетерлігі, дамыған елу елдің қатарына кіреміз деген мақсатқа жету үшін біз де жаңашылдықтарға жақын болғанымыз абзал. Қашанғы Қытайдың киімі мен өздектің палауын сатар дүкен мен кафе салып, тойғанымыз бен тойлағанымызды айтып мәз боламыз? Жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің жоғары болуы үшін Аэс-тің бірін емес, бірнешеуін салуды бастауымыз керек. Бұл жерде назарды ойлауымыз, талқылауымыз керек дегенге емес, бастауымыз керек дегенге бөлейік. Біз уақыт тұрғысынан алғанда Аэс салудан кешігіп жатырмыз. Қазақстанның екі облысы болар Франция 56 Аэс-ті тізгіндегенде, ұлан-ғайыр жердің ұлы халқы бір реакторға ие бола алмайды дегеніміз жөнсіздеу. Чернобль апатын залалсыздандыруға аттанған қазақстандық ардагерлердің төрағасы да “Біз Аэсті бір ауыздан қолдаймыз” деп сөз сөйледі. Апатты көзімен көріп, тәнімен сезсе де маңыздылығын толықтай түсінген осы батыр ағаларымызды үлгі тұтайық.
Атом энергиясынан біздің энергия қуатты, шуақты екеніне сенімдімін. Ендеше, білекті заманда көштен қалмаған, білімді заманда да көштен қалмайық!


Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
Бас редактор.

Мәліметпен бөлісу: