«Тегін тасымал» қызметі қосылды

Сайлаудағы халықтың белсенділігін арттыру мақсатында және жекелей азаматтардың демеушілігімен өңірімізде «Тегін тасымал» қызметі қосылды.

Үшарал қаласының аумағы үлкен болғандықтан және ауа райының қолайсыздығына орай ұйымдастырылған акция тұрғындардың көңілінен шығуда. Бұл ретте үлкен автобустар, микроавтобустар, тіпті жекелей азаматтар өз көліктерімен атсалысуда.

Бұдан бөлек тегін такси қызметі Әлемді, Бұдыр елді мекендерінде, Көлбай, Жамбыл, Қабанбай, Қаратұма, Бұлақты ауылдары мен Достық кентін де қамтып отыр.

Бұл өз кезегінде халықтың дауыс беруге көптеп келуіне де жол ашып отыр. Себебі, кей азаматтар уақыттың тапшылығы, жолдың алыстығы яки денсаулық жағдайына және қаражат жоқтығына байланысты сайлауға келмей қалу ықтималдығы бар. Сондықтан, «Тегін тасымл» қызметі бұқараға өте тиімді болуда.

А.МУСЛИМ.

Мәліметпен бөлісу: