Тілім менің тірлігімнің айғағы

Еліміз егемендік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейгені рас. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді  ұмыту — бүкіл  ата бабамызды, тарихымызды  ұмыту» деген. Бүгінгі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз алғашқы жылдардан әлдеқайда қазақшаға ауысқан десек болады.

Мемлекеттік тілдің мәдениетін,  халқымыздың  салт- дәстүрін қадірлеуге бағытталған  іс- шаралар балабақшамызда  да өткізіліп тұрады. Тәрбиеленушілердің ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  «Тілім менің — тірлігімнің  айғағы» тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндік  барысында «Тілім менің — тірегім» атты тақырыптық  көрме, топтар арасында   «Тілім  — тағдырым», «Тілім менің — тірлігімнің айғағы», «Ана тілім — ардағым», «Тіл — ұлт  тірегі» тақырыптарында  ашық оқу қызметтері, ертеңгіліктер және тіл мерекесіне байланысты шағын концерт өткізілді. Аталмыш іс – шаралар балабақшамыздың  педагог- тәрбиешілер ұжымын  жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге үйретудегі жан-жақты  жұмыстарын айғақтаса керек.Педагог- тәрбиешілер Б.Турсунова, Д. Асқарбекова,  А.Майжакипова,  А. Шибина, Ә. Жұмағалиева,  А.Омархановалар белсенділік танытып, ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбектеніп жатқанын көрсете білді. Қазақ тілінің көкжиегін кеңейтіп, мәртебесін көтеруде «Арай» балабақшасының да елеулі үлесі бар дегім келеді.

Л.АЙМИШЕВА,

«Арай» балабақшасының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: