Туған күн иесі 100- ші дауыс беруші болды


Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі 57 сайлау учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Хусинов Меңдібай Паритұлы дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді.
Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз референдумның маңыздылығын толықтай түсініп, өзінің немересімен бірге ел болашағы үшін таңдауын жасады.
«Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым, құжаттарымды реттеп үлгермедім, содан тіркелген мекенжайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін, ұрпағым үшін жасалған таңдау деп білемін. Барлығымыз үшін маңызды саяси науқанда немқұрайдылық таныту азаматтық емес. Сондықтан да жол қашықтығына қарамастан, дауыс беруге келдім»,- дейді ардагер ұстаз.

Мәліметпен бөлісу: