Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 сайлау учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова дауыс берді.
Өзге ұлт өкілі Ирина Дряхлова сайлаудың болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. “Қазақстанда АЭС салынуында халықтың пікірі маңызды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы болашағымыздың дамуына үлкен әсер етпек”,-дейді.