Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды


Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған.
Мамандар ескі үлгідегі ақшалар біртіндеп айналымнан алынатынын айтып отыр. Осылайша, 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. 2012 жылғы үлгідегі 10000 теңгені 2026 жылдың 28 маусымына дейін қолдануға мүмкіндік бар. Қатар айналым кезеңінде ескі үлгідегі ақшаны жаңаға айырбастаудың еш қажеттілігі жоқ.
Қатар айналымның кезеңі аяқталған соң екінші деңгейлі барлық банк үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары банкноттарды мерзімсіз мезгілде айырбастайды. Жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әр 7-8 жыл сайын ақшаның дизайны өзгеріп отырады.
Ескі үлгідегі банкноттар біртіндеп айналымнан алынады:
2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда.
2012 жылғы үлгідегі 10000 теңге – 2026 жылдың 28 маусымына дейін қатар айналымда.

Мәліметпен бөлісу: