Ел Президенті Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы бірден жазыла салған дүние емес. Мазмұнына үңілсек, оның өткенге есеп беріп, болашақты анықтауға бағытталғанын аңғаруға болады. Осылай ғана тәуелсіз ел контексінде ұлттық санаға ұйыған ұлт қалыптасатынын болжадық.
Мақаланы алғаш оқыған кезімде санамда сарабдал болашаққа деген үтіп оты тұтанды, себебі бұл мақала – ұлттың көптен күткен манифесті еді. Аталған туындыда талай түйіткілді тақырыптар бүге-шүгесіне дейін талданған. Онда тарих қойнауын тереңнен қопарып, қазіргі дүрбелеңге толы әлемде біздің орнымызды анықтауға дейнгі мәселелер қарастырылған.
Ұлттың тарихи тағдырына объективті баға түсінікті әрі нақты берілген. Қазақ халқы 27 жыл бойы жүйелі түрде алға басып, тұраұты мемлекет құруға ғана емес, біртекті азаматтық ұлтты қалыптастыруға ұмтылды. Осынау модернизациялық матрицалық өзегі – адам, азамат. Іс жүзінде біз рухани жаңғыру бағытын ғана емес, бұқаралық санадағы түюегейлі өзгерістерді байқап отырмыз. Бұл процесс әрбір жеке тұлғаға да, тұтас қоғамға да бірдей әсер етеді.
Президенттің бағдарламалық мақаласында қазақ тілінің тағдырына аса алаңдаушылық білдірілді. Бұл 27 жыл ішінде ана тіліміздің қоғамдық өмірге еніп, көп жағдайда шешуші позицияға орналасқанының нәтижесі. Осы тұста айтарым, мемлекеттік тіліміз өз дәрежесін эволюциялық жолмен нығайтып келеді.
Жалпы тағылымды туынды прагматизм түсінігін де түртіп өтті. Бұл ретте ұлан-ғайыр атырабымыздың асты мен үстінде асып-төгілген байлықтармызды үнемді пайдалану, ысырапшылыққа бой алдырмау сынды мәселелер мінберге көтерілді.
Өзге де тақырыптарға бір көз жүгіртсек, жаһандық қауымдастықтың прогрессивті бөлігімен бір деңгейде ойлап, оларға ілесіп отыру үшін латын графикасының қазақ тіліне ықшамдалған нұсқасы әзірленді. Тағы бір жаңалық – Гарвард, Оксфорд сынды әлемнің танымал университеттерінің үздік оқулықтары негізінде қазақ тілінде 100 оқулық әзірленетін болды. Бұл өз ретінде техникалық мамандарды ғана емес, жаңа әлемнің жаңа қазақ гуманитарилерін даярлауға мол мүмкіндік ашппақ.
Ұлт дегеніміз – тірі ағза іспеттес дүние. ол үнемі рухан жаңғырып, жаңаланып отыруы тиіс. Осы бағытты бағамдаған Президенттің бағдарламалық мақаласы осындай жаңғыру үшін қажетті рухани-саяси бағдар бола алады.
Д.ТУРДАХУНОВА,
Ақтүбек ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.