Жаңғыруымызға жемқорлық кедергі

Ұлтруханиятын ұлылыққа жетелеген Елбасымыз Н.Назарбаев мемлекетіміздің берік іргетасының қалануына кедергі қылатын айтулы фактордың бірі – жемқорлық екенінескертуден жалыққан емес. Халық тірлігіне тың төңкеріс әкелген «Қазақстанныңүшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымбағытында «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, олардыжою жұмысын күшейту керек» деп атап көрсеткен болатын. Себебі бұл індеттәуелсіз ел экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналғанүлкен әлеуметтік қасірет болып отыр.

Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың береке-бірлігіне, атақ-абыройына, даңқы мен парқына, әр азаматының конститутциялық құқықтарына елеулі нұқсан келтіретін құбылыс екендігі айқын. Сондықтан да онымен күресті тек құзыретті орган қызыметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салу қате-ұшқары пікір. Себебі мемлекетіміздің қалыптасу жолында әрбіріміздің қолтаңбамымыз тұрғаны абзал.

Тарих қойнауына зер салып, зерделейтін болсақ, дала ділмарлары атанған дана бабаларымыздың түсінігінде «Жемқорлық», «Парақорлық» дегендер кездеспеген. Әр келелі іске төрелік еткен төбе билердің қара қылды қақ жарған әділдіктерінің арқасында ешкімнің де жекеменшігіне артық ауыз сөз, қисық көз түспеген. Қазіргі заманғыдай ағаларының арқасында заң шеңберінен асса да тайраңдап жүре беретін тұлғалар болмаған.

Ал бүгін атқаны жетіп, айтқаны өтіп тұрған ауқаттылар, ат төбеліндей болса да билік биігінде отырғандар, қаражаты мен көкесі барлар көптің қалауымен санаспайтынын байқаймыз. Оң қалтаға бір уыс, сол қалтаға бір уыс ақша салып, армандағандарын алдарына, көксегендерін қолдарына алдырады. Сөйтіп, дағдарыстың дәурені ойнаған дәуір сынағынан сүрінген халыққа азуларын батыра түседі.

Сондықтан аталмыш кесапатпен күрес тоқтаусыз, қатаң әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Бұл саясаттың тиімділігін арттыра түсу кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл көзқарас серпінді дамып келе жатқан, жаһандық бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына қосылуды мақсат тұтқан біздің еліміз үшін өте маңызды.

Қазақ елі тастүйін ымырашылдығын жоғалтпаса, оларға алынбайтын қамал жоқтығын түсінсе игі еді. Атқа мінсе түсуі қиын, тебісінен тұлпары теңселіп, атойлағанынан қай дұшпаны болмасын қаймығатын рухты халықпыз. Ұшаң-теңіз сары даланы сахна еткен, Сарыарқада салтанат құрған, ұлан-ғайыр атырапты билеп-төстеген ел, «Жемқорлық» іспеттес іріткіден именеді дегенге сенбес едім. Құдайы мен ханынан өзгеге тізесі бүгілмеген, басы иілмеген ұлт бұл дерттің де шырмауынан шығары сөзсіз. Бізге керегі тек әрекет.

Қ.ҚҰСАЙЫНОВА,

Үшарал қазақ гимназиясының директоры.

Мәліметпен бөлісу: