Жастар жұмыссыздығының себебі неде?

Қоғам мен мемлекет үшін жастардыңорны ерекше. Себебі олар –болашақ иегерлері. Бүгінгі жас буын ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар. Олар әрүрлі саладаеңбек етіп, Отанымыз үшін қызмет көрсетуде.  Дей тұрғанымен, қай кезеңде болмасын жұмыссыздықсияқты әлі күнге дейін шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Бұл проблема тек біздің елде ғана емес, алдыңғы қатарлы дамыған державаларда да жиі кездеседі.

Қазіргі кезде бос жүру кімге болмасын оңай тимесі анық. Сонымен қатар жұмыссыздық кедейшілік деңгейін арттырып қана қоймай, психологиялық соққы болып есептеледі. Бір сөзбен айтқанда, күнделікті ынта-жігеріңді жұмсайтын еңбек орынның болғанына не жетсін? Дегенімен, қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жалын иелерінің екі қолға бір күрек таба алмай, сенделіп жүргендері шаш етектен.

Жоғарғы білімді жастардың жұмыссыздығы олардың мамандықты дұрыс таңдамауы, немесе сұранысқа ие салаларан гөрі, бүгінгі таңда сәнге айналғандарын таңдауға тырысатындықтары деп ойлаймын. Жалпы олардыңарасындағы бұлмәселесінің уақыт өткен сайын өзектілігі артуда. Осы орайда аудандықжастар ресурстық орталығының жетекшісі Е.Омархановпен сұхбаттаса отырып, кейінгі толқын өкілдерінің бос отыруларының басты себептерін анықтап көрдік.

Біріншіден, жоғарғы оқу орындарындағы алынған біліміне сәйкес бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесінің ұйымдастырылмауы. Мемлекет тарапынанжастармәселесін шешуге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқаны рас. Бюджеттен қыруар қаражат бөлініп, жұмыспен қамту орталықтары  да ашылуда. Алайда аталмыш бағдарламамен нәпақа тапқан олардың жалақысының тым төмен болуы, олардың еңбекке деген құлқын құлдыратуда. Сондықтан көпшілігі бұндай бағдарламалардан бас тартып, өздігінше іс қылуғатырысады.

Екіншіден еңбек нарығына қажетті жұмыс қолыменмен жоғарғы оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың сәйкес келмеуі. Яғни ақша табу жолында керексіз мамандықтарсаны көбейіп кетті.

Үшіншіденжалын иелерінің еңбеккеқоятын талаптарының жоғары болуы. Яки қарапайым жұмыстарды атқарғысы келмеуі.

Төртіншіденжұмысберушілердің жасмамандарды жылы қабылдамауы. Іс қылуға ниет білдірген, универсиетті енді аяқтаған жас маманнан жұмыс берушілер бірнеше жылдық тәжірибе талап етеді. Дипломын енді қолына алған адамдамекемелер түлектерді қызметке қабылдауы екіталай.

Бесіншіден жастардың жауапсыздығы мен жалқаулығы. Статистикаға жүгінсек, Қазақстан олардың 50 пайызы өз мамандығы бойыншажұмыс істемейді. Көпшілігі таңдаған мамандығын жетік білмейді және оған селқостықпен қарайды. Жай көк қағаз үшін оқитындары тағы бар. «Диплом бар, жұмыс жоқ». Жастардың ұранына айналған осы сөз, олардың жалқаулығын айқындайды.

Иә, жұмыссыздық – қоғам өміріне тән құбылыс. Өркениеті дамыған әлем елдерінің қайсысын алып қарасаң да,іссіз сенделіп жүргендер саны аз емес. Бұл бүкіл әлемдік тенденция деуге болады. Өйткенібұл– нарықтық экономиканың бірден  бір көрінісі.

М.МАУЛЕНОВА

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университеті журналистика мамандығының 4 курс студенті

Мәліметпен бөлісу: