Жетісу облысында «Менің туым – менің елім!» атты акция өтті

Республика күніне орай «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жетісу облыстық филиалы «Менің туым – менің елім!» атты патриоттық акциясын ұйымдастырды.

Шара облыс көлемінде тұрғын­дар­дың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арт­тыру, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін жаңғырту мақсатында өтті. «AMANAT» партиясы депутаттары және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысқан акция аясында қаламыздың тұрғын үйлеріне мемлекеттік ту ілінді.

Республика күні — Қазақстанның мемлекеттік мерекесі, оны 25 қазан күні атап өтеді. 1990 жылы осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл күн елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің негізін қалаған маңызды оқиға болып саналады. Мереке барысында халық түрлі шаралар өткізеді, патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазақстандықтар үшін бұл күн үлкен мағынаға ие.

«Жетісу-Ақпарат»

Мәліметпен бөлісу: