Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда


Басты мақсат 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы.
Байқауға өтінімдерді қабылдау 7-15 қараша күндері аралығында жүргізіледі. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада Js.jastar@mail.ru эл.поштасы, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев № 47 көшесінде орналасқан «Жетісу жастары» орталығына өткізу қажет.
Сыйлыққа облыстың белсенді волонтерлері мен ұйымдары 10 номинация бойынша қатыса алады. Атап айтсақ, «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saulyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Qamqor», «Үздік волонтерлік ұйым», «Жыл волонтері».
Жеңімпаздарды 5 желтоқсан салтанатты түрде марапатталады. Әр жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде сыйақы табысталмақ.

Мәліметпен бөлісу: