Жетісулық шекарашылар сынақ тапсыруда

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы бақылау-тексеру сабақтарын тапсыруда. Аталған сынақ жыл сайын
ұйымдастырылады. Мақсаты — шекара сақшыларының кәсіби білімдері мен
спорттық деңгейлерін тексеру.
Бақылау-тексеру сабақтарында әр әскери қызметші бірнеше сұрақтардан
тұратын түрлі пәндерден тестілеуден өтеді. Сонымен қатар, жауынгерлік қарудан
атып, спорттық нормативтер тапсырады.
Сынық соңында әр шекара сақшысының көрсеткен нәтижесіне сәйкес,
бөлек-бөлек баға қойылатын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: