Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім жағдайы көбейген.Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астамжолаушы түрлі жарақаттар алған, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша,тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр.
«Алматы облысына қарастыАлматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке орай, 53 пайызға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі жылдамтықты асыру және мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілерінежәне жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, — дейді ол.
Жол-көлік оқиғаларының 73% -ы жергілікті жолдарда және жол желісінде тіркелсе, қалған 27%-ы республикалық жолдарда орын алған. Анықталған оқиға себептеріне сәйкес жыл басынан 41 мыңға жуық оқиға көлік жүргізушілерінің күнәсінан болған. Оның 500-ден астамы мас күйінде айдаған.
Сонымен бірге, күре жолдар өтетін аудандардағы елді мекендер тұсында автокөліктердің малмен қақтығысуы да көбейген. Мұндай жағдайларға жолдарды төсегенде малдың өтуіне арналған өтпелердің дұрыс орналаспауымен бірге тұрғындардың төрт түлікті қараусыз қалдыруынан,-дейді мамандар.
Департамент Алматы облысыны әкімдігінің қолдауымен жолдардың сапасын жақсаруға, жарықтандыруға және жол белгілерін қоюға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, сәуір айының 2 және 15 аралығанда облыста жол-көлік оқиғалараның орын алуының басты факторларының алдын алу аясында, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтпек.
Меруерт МАХМҰТЖАН