Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Мемлекеттік қызметке ерекше мән берілмек

Жуырда жарық көрген Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауы еліміздің әлемдік кеңістікке ұмтылған сапарының сәтті жалғасуына сүбелі септігін тигізбек. Себебі дамыған отыз елдің көшінен көрінуді басты бағыты еткен құжатта мемлекетіміздің қарқынды өркендеуіне қарымды қадамдар көрсетілген.

Ең өзекті деген алты бөлімді қамтығын Жолдаудың төртінші тұғырында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі көтерілді. Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы жаңғыртулар ең алдымен қарапайым халықтың мүддесін көздегені анық.

Азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік апаратты қалыптастыруды көздеген бөлімде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, дағдарыс кезеңінде бөлінген әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу, ХХІ ғасырдың ең өзекті проблемасы болып есептелетін сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу, үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формаизм мен бюракратияны азайту, осы міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың жүргізілуіне бақылу механизмдерін күшейту тақырыптары талданған.

Сондай-ақ саннан сапаға көшіп, мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилін қалыптастыру арқылы олардың өзін-зі жетілдірулерін басты міндет ету жүктелді. Сондықтан Жолдауда мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын және лауазымды қызметке тағайындау кезінде арнайы  қайта даярлаудан өткізетін курстарды әзерлеу қажеттігі айтылды. Бұл ретте үздік шетелдік  компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде  білім алған жеке сектордағы кәсіби мамандарды тарту маңызды қадам екендігі ескертілді.

Мемлекеттік қызметке қызуғышылты арттыру, бір жұмыс орнына жарияланған конкурсқа түсетін үміткерлер санын еселеп, сол арқылы бәсекелестікті жоғарулату мақсатында биыл төрт мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделі енгізілген болатын. Бұл пилоттық жоба аз уаққыттың ішінде өз нәтижесін беріп, жоғарыда аталған міндеттер өз шешімін таба бастады. Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2-2,5 есе өсіп, кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есеге азайды. Осыған орай мемлекеттік қызметші атануға құлшынған білікті мамандардың қатары көбейіп, осы саладағы бәсекелестіктің артуы есебінен еңбек өніміділігі мен қызмет көрсетудің дәрежесі едәуір еселенді. Бұның барлығы ең алдымен жалақыны көбейту ғана емес бәрінен бұрын жұмыстың тиімділігін арттыруға негізделген жобалар.

 

Ұ.ЖАҚЫПБЕК.

аудандық мәслихаттың бөлім басшысы.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov