Алакол Аудандық қоғамдық – саяси газеті / Районная общественно – политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 19. 09. 2024 жыл |
  • :
  • :
Басты бет

Редакция

Газет 1935 жылдан бері жарық көруде. Осы аралықта атауы 1957 жылы «Колхоз туы» – «Колхозная знамя», 1962 жылы «Жаңа өмір» – «Новая жизнь», 1993 жылы «Алакөл» деп үш рет өзгерді. Былтыр 80 жылдығын атап өтті.

Қазіргі уақытта 4777 данамен аптасына 1 рет 8 бет болып, 2 бояумен шығады.

Редакцияның штатында 9 адам бар, негізінен жоғары білімді мамандар.

2015 жылғы 2 қарашада 50 пайыз аудандық әкімдіктің, 21 пайыз кәсіпкер А.Слямовтың, 20 пайыз кәсіпкер Е.Абдрахмановтың және 9 пайыз газет редакторы А.Жақыпбектің құрылтайшы болуымен «Алакөл айнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

2016 жылға баспасөзге жазылудан 15 млн.832 мың теңге түссе, мемлекеттік тапсырыс 16 млн. 648 мың теңгені құрап отыр. Бұл қаражат жылды ойдағыдай аяқтауға жеткілікті.

Редакцияның материалдық-техникалық базасы нығая түсуде. Барлық қызметкерлер компьютермен, басқа да құралдармен жабдықталған.  Өз балансында жаңа автокөлік және  күрделі жөндеуден өткен 7 бөлмеден тұратын ғимараты бар.

«Алакөл» газеті облыс көлеміндегі қаржылық жағдайы жақсы алдыңғы қатарлы редакциялардың бірінен саналады.

Биыл ғимаратты орталық жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. Сметасы жасалып, қаржысы аударылды.

Редакцияның штаттық бірлігі төмендегідей:

  1. Директор
  2. Бас редактор
  3. Бас редактордың орынбасары
  4. Есепші
  5. 2 – тілші
  6. Дизайнер
  7. Жүргізуші
  8. Күзетші-от жағушы
  9. Еден жуушы

Бүгінгі күнге «Алакөл айнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыққа және басқа мекемелерге қарызы жоқ.